«Білім беруде өзара әрекеттестік: серіктес мектептің жетекші рөлі» тақырыбында аудандық семинар анықтамасы
- Толығырақ
- Құрылды Жұма, 21 Қараша 2025 14:39
- Автор: Super User
- Қаралды: 14
20 қараша күні №5 Хромтау гимназиясында құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Білім беруде өзара әрекеттестік: серіктес мектептің жетекші рөлі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – серіктес мектеп пен магнитті білім беру ұйымдары арасындағы өзара әрекеттестік тетіктерін жетілдіру, озық тәжірибелерді тарату, педагогтердің кәсіби қауымдастығын дамыту және тірек мектептің аймақтық білім беру орталығы ретіндегі жетекші рөлін нығайту.
Семинарды гимназия директоры Казиева Нуржауган Султангалиевна ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Гимназия психологі Гүльстан Калижановна қонақтарға жағымды көңіл күй сыйлап, күні сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.
Семинар барысында педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, Хромтау аудандық білім бөлімі басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-тәжірибе бөліскен мұғалімдер:
1. Балғазина Гүлфара Нұралықызы — “Teach for Qazaqstan” жобасы
2. Кәлендір Әзірхан Нұрмағанбетұлы — «Болашақ дағдылары (Soft Skills) және мектептегі оқыту мазмұнының жаңғыруы»
3. Серікбай Белес Зерделіұлы — Логарифмнің өмірмен байланысы
4. Каналиев Асылбек Мұратович — Математикада цифрлық ресурстарды қолдану
5. Кенжалы Гүлнұр Саттарбайқызы — Химиядағы цифрлық зертханалар
6. Кулынтаева Жанар Мухамбетжановна — Көркем жазу және жылдам оқу дағдылары
Семинар-практикум пайдалы білім мен жаңа идеяларға толы болды.
Біз әріптестерімізге алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз!
https://youtu.be/IZEI0azEzcY?si=SmZSHRKZ6kDrsXLl


