Уақытша бос лауазымға конкурс жариялау туралы хабарландыру

     Қазақстан  Республикасы  Білім және  ғылым  министрінің  2020 жылғы 21 ақпандағы  № 57 бұйрығының  3-тарауының  1-параграфының  95 бабына сай Хромтау қаласы ,  Әйтеке би даңғылы 57, е-mail: <Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.;орналасқан  Ақтөбе облысының білім басқармасы «Хромтау ауданының білім бөлімі» мекемесінің               «№5 Хромтау гимназиясы » Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын, білім алушыларға рухани азық кітаптың құндылығын меңгертетін  кітапханашы бос  лауазымына  конкурс жариялайды.

Кандидатқа қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе жоғары педагогикалық  білімінің болуы; алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным хат, кәсіби жетістіктері көрсеткіші, курстық даярлығы, әдістемелік қызметі мен қоғамдық педагогикалық қызметінің нәтижелілігі.

Құжаттарды қабылдау  мерзімі: 24.01.2022ж   - 31.01.2022ж

Уақытша бос лауазымның мерзімі 01.06.2022ж дейін

Қажетті құжаттар тізбесі

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат ;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9)11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

№5 Хромтау гимназиясы жанында құрылған қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

Хромтау қаласы                             24.11.2021 жыл

Қатысқандар:

1.Қамқоршылық кеңес төрағасы: Серик Изтлеуович Изтлеуов

Кеңес мүшелері:

2. Гулжан Айтмаганбетовна Аканова

3. Нағашыбай Қайназарұлы Өмірзақов

4. Роза Романовна Ярмухамедова

5. Азамат Серикович Джумалиев

Хатшы:Е.Т.Суюмова

 

Қамқоршылық кеңеске шақырылғандар:

1.Р.М.Манаспаев-гимназия директоры

2.Ж.С.Каражанова-директордың оқу ісі орынбасары

 

Күн тәртібінде қаралған мәселе:

1.Қамқоршылық кеңес мүшелерін қайта бекіту

2.Бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы және бөлінуі.

3.Білім беру ұйымында оқу үдерісін аралас форматта ұйымдастыру жолдары.

 

Тыңдалды: Қамқоршылық кеңес төрағасы Серік Изтлеуұлы Изтлеуов

            Қамқоршылық кеңес мүшелері Ж.К.Утарбаева, Д.Қ.Мынжасаровтың қоныс аударып, өз еріктерімен бас тартуына байланысты кеңес мүшелерінің құрамына өзгеріс енгізу керектігін мәлімдей отырып, Б.М.Алиев пен Ф.С.Сагинбаевты қамқоршылық кеңес құрамына қабылдауды ұсынды. Кеңес мүшелері дауыс беріп, аты-жөні аталған тұлғалар кеңеске қабылданды.

 

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі  екінші мәселе бойынша гимназия директоры Р.М.Манаспаев

            Гимназия директоры Руслан Мұратұлы 2021 жылғы жан басына қаржыландыру есебінен алынған заттар  мен жұмсалған қаражат есебін  берді. 2021 жылдың қараша айы бойынша жұмсалған қаражат көлемі 6 880 000 мың теңгені құрағанын мәлімдеді.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі  үшінші мәселе бойынша гимназия директорының оқу ісі орынбасары Ж.С.Каражанова

            Биылғы оқу жылы сабақ уақытының 45 минутқа ұзартылуы ауысымдық оқу үдерісі уақытының созылуына себеп болғанын, екінші ауысым бойынша сабақтың аяқталу уақыты 19.50де екінін мәлімдей келе, білім алушылардың сабақтан кеш шығатыны мен ата-аналардың өтініштері негізізінде 2021 жылғы 03 қарашадағы  №547 бұйрықты            басшылыққа ала  отырып оқу үдерісін желтоқсан айынынан бастап аралас форматта ұйымдастыру туралы жоспарын таныстырды.

Кеңес мүшелері оқу үдерісін аралас форматқа көшіру жоспарын бір ауыздан қолдады.

Кеңес мүшелері күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша сөйлегендерді тыңдап, мәліметтерді саралай отырып, ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қамқоршылық кеңеске Б.М.Алиев, Ф.С.Сагинбаев қабылдансын.
  2. Жан басына қаржыландыру есебінен жұмсалған қаражат есебі қанағаттанарлық деп танылсын.
  3. Желтоқсан айынан бастап оқу үдерісі аралас форматта ұйымдастырылсын.

         

                                                                           Төраға                                  С.И.Изтлеуов

                                                                          Кеңес мүшелері             Г.А.Аканова

                                                                                                                      Н.Қ.Өмірзақов

                                                                                                                            Р.Р.Ярмухамедова

                                                                                                                        А.С.Джумалиев