Денсаулық фестивалі - 2022 ж.

WhatsApp Image 2022 09 16 at 15.18.56WhatsApp Image 2022 09 16 at 15.19.40WhatsApp Image 2022 09 16 at 15.20.59WhatsApp Image 2022 09 16 at 15.23.05

Денсаулық фестивалі -2022.
N5 Хромтау гимназиясында 13 қыркүйек- Денсаулық күні өтті. 6-8 сыныптар арасында "Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы" атты эстафета ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесі бойынша:
????1орын-7"А"сынып
????2 орын-8"Ә"сынып????3 орын-7"Ә" сынып.
Барша қатысушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

«ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ» - білім күніне арналған салтанатты жиын

WhatsApp Image 2022 09 02 at 09.06.35 1WhatsApp Image 2022 09 02 at 09.05.18WhatsApp Image 2022 09 02 at 09.06.33WhatsApp Image 2022 09 02 at 09.06.35WhatsApp Image 2022 09 02 at 09.06.33 

«ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ» - білім күніне арналған салтанатты жиын.
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз, - деген өлең жолдары жадымызда шығар? Міне, сол бір күндердің естелігіндей, қоңыр күзбен қатар білім күні де келіп жетті. Ұлан ғайыр қазақ даласының қиыр-қиырында сыңғырлап соғылған алғашқы қоңырау үніне №5 Хромтау гимназиясының күміс қоңырауы да үн қосты.
Биылғы оқу жылында 76 балғын мектеп табалдырығын аттады.
Салтанатты жиынға Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Қабыл Мадияр Рақымжанұлы мен ардагер ұстаз, қамқоршылық кеңес төрағасы Изтлеуов Серік Изтлеуұлы қатысып, бірінші сыныпқа алғаш қадам басқан бүлдіршіндерді құттықтап, сәттілік тіледі.

2022-2023 оқу жылының педагогикалық кеңес

WhatsApp Image 2022 08 31 at 16.52.24

№5 Хромтау гимназиясында 2022-2023 оқу жылының педагогикалық кеңесі өтті. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:1.2021-2022 оқу жылының қорытындысын талдау, жаңа оқу жылына қойылатын мақсат міндеттермен танысу;
2. 2022-2023 оқу жылының жұмыс оқу жоспары, жылдық жұмыс жоспарларын бекіту;
3. 2021-2022 оқу жылындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың нәтижелеріне сараптама жасау.
4. Педагог қызметкерлердің педагогикалық жүктемесі мен жұмыс кестесін таныстыру, бекіту.
5.Гимназиядағы білім алушыларды қабылдау, ауыстыру және білім алушылардың сабақ режимі, оқу жүктемесін бекіту.
6.Деңсаулығына байланысты жеке үйден оқытылатын балалардың оқу жоспары, оқу бағдарламалары мен сабақ кестесін бекіту.т.б. жұмыстардың ұйымдастырылуы туралы айтылып,шешім қабылданды.